Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады", деп жазды Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында.
Жұма күні таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Соңғы ақпарат бойынша, қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Олардың 14-і апат болған орында қаза тапса, біреуі ауруханада көз жұмған.
Пікір қалдыру