Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

/image/2020/01/16/crop-30_7_305x407_7945afc31cace8ec8a9d17da6fd28107_resize_w_600_h_315.jpg
Президент жарлығымен Қалмұхамет Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылып, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын" делінген жарлық мәтінінде.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы). 2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі. 2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы. 2011-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. 2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. «Даңқ» орденінің кавалері. Полиция генерал-полковнигі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар