Масқара: Мәжіліс енді адам түгілі заңды да жұмысқа алып отыр

/image/2020/01/21/crop-1_2_487x866_bezymyannyy.png

Бұлай айтуымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтындағы бас бетте баттиып тұрған  "Мәжіліс көптеген заң жобаларын жұмысқа алды" деген тақырып себеп болып отыр.

Сеніңіз, сенбеңіз, "заң жобаларын жұмысқа алды" деп тұр. Яғни,Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырыстың өзегін өрген ақпараттың тақырыптық сиық-сықпыты осы.

Бұл туралы Азаттық тілшісі Нұрбек Түсіпхан да Фейсбук желісінде жазған болатын. Онда ол: 
"Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі"Мәжіліс көптеген заң жобаларын жұмысқа алды" деп тұр екен. Кейбірін жұмысқа алмай, кейбірін арыз жаздырып, шығарып жіберген болар", – деп сынаған еді.

Ең сорақысы, бұндай тілдік заңдылықты тікесінен "мыжып" өткен өрескел қателік  қысқа ақпараттың соңын ала "қалқиып"  тағы да тұр.  

"Бүгінгі жалпы отырыста Мәжіліс 16 заң жобасын жұмысқа алды. Оның ішінде, Экологиялық Кодекс, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мәдениет мәселелері бойынша, мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы басқа да өте маңызды заң жобалары қамтылған", – дейді Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі дайындаған қысқа-қайырым ақпарда.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар