Коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

/image/2020/02/01/crop-85_30_428x571_koronavirus_kitay_012020_6.jpg
 
Коронавирус эпидемиясынан қайтыс болғандар 259 адамға жетті. АҚШ Қытайдан келген азаматттар үшін жаңа кедендік шектеулер енгізді, деп жазады reuters.com.
Эпидемия ошағы Хубэй провинциясы әлі де карантин жағдайында. Жолдар жабылып, қоғамдық көлік тоқтаған.
 
Вирустың шетелге таралуынан қауіптенген АҚШ қосымша шаралар қабылдап жатыр. Жұмада америкалық үш ірі авиакомпания Қытайға рейстерін кейінге қалдырды.
 
Десе де Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының Қытайдағы өкілі Гауден Галеа Қытаймен сауда жасауды, ол жаққа баруды шектеудің қажеті жоқ деп отыр.
 
Бүгінде дертке шалдыққандардың қатары 12 мыңға жуықтады. 18 мыңдай тұрғын вирусты жұқтырған деген күдікпен тіркеуге алынып, ауруға шалдыққандармен тығыз байланыста болған 118 мың адамға бақылау қойылды. Чжэ-цзян, Гуандун және Хэнань провинцияларында індетке шалдыққандардың саны артып, жағдай күрделене түсті. 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар