Былтыр сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 млрд теңге жұмсайтынын хабарлаған. Кейіннен көрмеге жұмсалатын қаражаттың біршамасын қысқартамыз деп мәлімдеме жасады.
Министрдің айтуынша, EXPO көрмесіне бөлінген қаржыны талқылауға арналған комиссия күні әзірге белгісіз. Яғни, бұл істің бір күннің жұмысы емес екенін айтып, көрмеге 2-3 жылдан бері дайындық жүргізіп келе жатырмыз және былтыр да қаражат бөлінген деп түсіндірді.
"Ұлттық экономика министрлігінде болған қаражат біздің министрлік құрылғаннан кейін бізге көшті. Сондықтан бірге талқылап, комиссияда шешім шығарылады. Әрине, тапсырма түскеннен кейін барлық тиімсіз қаражатты қысқартамыз. Бұл тек тиімсіз қаражат емес, бюджет шығындарын оңтайландыру жағынан да қарастыру", - дейді Бақыт Сұлтанов.
Пікір қалдыру