Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қорғаныс министрлігі бірігіп, министірліктің кадр және әскери білім департаментінің жетекшісіне қатысты тергеу жүргізуде.
Тергеу барысында аты аталмаған генерал-майор пара алды деген күдікке ілінген.
Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, департамент басшысы қоластындағы қызметкерінен мәнсаптық өсуіне көмектесу үшін пара алған. Күдікті кінәсін мойындаған.
Бүгінде ол үй қамақта отыр. Толыққанды шешімді сот шығарады.
Пікір қалдыру