Генерал-майор, қорғаныс министрінің кадр және әскери білім беру жөніндегі департамент басшысы Қайрат Көпбаев екі ай мерзімге үй қамаққа алынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайрат Көпбаев үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша 2020 жылдың 31 қаңтарынан 28 наурызға дейін санкцияланды, деп мәлімдеме жасады Нұр- Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бастығы жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі күдіктінің кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен процессуалдық келісім жасау туралы өтініш бергенін айтты.
Жоғары лауазымды шенеунік функционалды және қызметтік міндеті бойынша кәсіби дайындалған әскери қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды, алдын алу және профилактикалық жұмыстарды жүргізуге, олардың қатарындағы тазалықты қамтамасыз етуге және персоналдың іс-әрекетіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға міндетті болған.
"Қазіргі таңда Қайрат Көпбаев қол астындағы адамдардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ие", делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәлімдемеде.
Пікір қалдыру