Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті "Bek Air" әуе компаниясынан жәбір көрген клиенттердің мүдделерін қорғауға кірісті.
"2020 жылы 31 қаңтарда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық сотына Bek Air қызметін тұтынушылардың құқықтарының бұзылғаны туралы шағым түсірді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің шағымында Bek Air өздерінен сатып алынған билеттердің ақшасын қайтармағанын, сондай-ақ ақшасы төленген қызметті көрсетпегендерін, осылайша тұтынушылардың құқықтары бұзылғаны көрсетілген" делінген ведомства хабарламасында.
Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне 444 мың 434 теңгенің билеттерін сатып алған 20 адам құқықтарының бұзылғаны туралы арызданған.
"29 қаңтарда Bek Air басшысы оператордың сертификаты қалпына келтіріліп, сату жүйесі іске қосылғанда ақшаны қайтарамыз деді. Сол кезде олар кім билет сатып алды, кім оны ауыстырды, кім қайта тапсырды – бәрін көре алады. Ал оған дейін оларда ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан апаттан кейінгі алғашқы күндердегідей алаяқтыққа жол берілмес үшін ақшаны ешкімге бетіне қарап қайтарып бермейді", деп хабарлады әуе басшылығы.
Пікір қалдыру