Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Valmont Industries" компаниясының жаһандық операциялар жөніндегі вице-президенті Роберт Гилленмен кездесті. Бұл туралы мегаполис басшысы Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
Сонымен қатар кездесуде ирригациялық жүйеде зауыт салу мәселесі талқыланды. Өндірістік нысандар үшін орын мегаполистің индустриалдық аймағында іске асатын болады.
"Industries" компаниясының жаһандық операциялар жөніндегі вице-президенті Роберт Гилленмен кездесуде Алматы индустриалдық аймағында 50 миллион долларлық инвестициялық жобаны жүзеге асыруға келістік", делінген Бақытжан Сағынтаев жазбасында.
Қазіргі таңда Алматының индустриалдық аймағында 43 компания қжұмыстарын бастады, олардың 9-ы шет мемлекеттердің қатысумен іске асырылуда. Инвестицияның жалпы сомасы – 181 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында 6,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ.
8 кәсіпорын іске қосылып үлгерді, бүгінде инвестицияның 26,6 млрд теңгесіне 985 жұмыс орнын салу қолға алынуда.
Пікір қалдыру