Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі дерегін негізге алып хабарлайды.
«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.
Аталған агенттік баспасөз қызметі өз хабарламасында шенеуніктің не себепті күдікке алынғанын да атап өткен. Яғни, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деп күдікке ілінген.
Осы ретте, күдіктінің кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен келу туралы жазбаша міндеттемені алғаны үшін процессуалдық ұстау қолданылмаған.
Пікір қалдыру