Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған тұрғындар арасындағы жанжалға қатысты Twitter желісінде пікір білдірді.
"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп жаздыТоқаев twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған.
Пікір қалдыру