Министр: 8 адам қаза тапты, 2 полицей жарақат алды

/image/2020/02/08/crop-215_30_409x546_f0c15e31305cb96fbe933e169eb4f659_resize_w_830_h_465-1.jpg

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жанжалдан 8 адам қаза болды. Бұл туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев хабарлады. 

"Ондаған адам жарақат алды, сегіз адам көз жұмды. 2 полицей жараланып, 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны қираған. Сондай-ақ 23 көлік бүлінген", - деді министр 8 ақпан күнгі брифинг кезінде.

Сонымен қатар министр 47 адамның полиция бөліміне жеткізілгенін, 2 аңшылық мылтық тәркіленгенін айтты. 

Ол "барлық кінәлілердің жауапқа тартылатынын" мәлімдеді. Қазіргі кезде жанжал болған елді мекендерді полиция бақылап тұр. Министр жағдайдың тұрақтанғанын айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар