Дәурен Абаев: Адамды балталап тастаған деген ақпарат жалған

/image/2020/02/08/crop-107_6_508x678_4e4810659095daf3eaf2d42dab21241b.jpg

Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай қақтығыстың себебі-адамды балталап тастаған деген ақпаратты министр жоққа шығарды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте айтты. 

Брифингтен кейін журналистер әлеуметтік желіде тарап жатқан Масанчидегі "қарт кісі мен балаларды балтамен шапты" деген ақпараттың анық-қанығын сұрады. 

"Желіде тараған бұл ақпарат жалған", - деді министр.

Сондай-ақ, ол қақтығыс себебі делінген 82 жастағы қария зардап шеккен тұрмыстық жанжал туралы ақпараттың мән-жайын түсіндірді.

"Мұндай нұсқа бар. Бұл тұрмыстық жанжал, бірақ нақты қандай екенін қазір анықтап жатырмыз", - деп хабарлады Абаев.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар