Кеше әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Кейін дүнгендердің полиция қызметкерлеріне сес көрсетіп, төбелескен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейін бұл жайт жаппай төбелеске ұласқан.
Бүгін Қордайдағы жағдайға байланысты президент Тоқаев шұғыл жиын өткізіп, қақтығыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. ІІМ төрағасы Ерлан Тұрғымбаев қақтығыс кезінде 8 адамның қаза тапқанын 2 полицейдің жарақат алғанын мәлімдеді.
Аталмыш оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қордайдағы қақтығысқа байланысты дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, Асыл арна телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек және дінтанушы Кеңшілік Тышқан пікір білдірді.
Қайрат Жолдыбайұлы:
Қазақ жігіттерінің кешегі әрекетін түсінуге болады. Іштегі қорланған намыс сыртқа шықты. Дүнген жастарының бұзақылығы барып тұрған басынушылық. Сондықтан кінәлілір заң алдында ең қатал жазаға кесілуі керек. Ақсақалдары кешірім сұрапты. Тек кешірім сұраумен шектелмей жастарын қазақ халқын сыйлауды, шаңыраққа қарауды әр отбасы, ошақ қасында кішкентайларынан үйретулері қажет.
Кешегі жағдайдан барлық диаспоралар сабақ алып, осы бағытта тәрбиелік жұмыс жасаулары қажет. Биліктен кешегі жағдайға қатысқан қазақ жастарын жауапқа тартпауын талап етеміз.
Бірақ жастар мәселені ары қарай шиеленістірмей, бұдан әрі заңсыздыққа бармаулары қажет. Заң жұмыс істесін. Кінәлілер анықталып, қатаң жауапқа тартылсын. Әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ диаспоралары бар. Алда-жалда сондағы бірлі-екілі жастарымыз бұзақылық жасаған жағдайда, бүкіл қазақ диаспрасын қырғынға ұшыратса, қандай әділетсіздік болар еді. Осымен тоқтайық. Абай айтпақшы "әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар. Өлшеуі асса, боғы шығады". Құранда "Жазықсыз адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей" - делінген.
Мұхамеджан Тазабек
Туған жерім Жамбыл облысы, Қордайға қарасты "Масаншы" ауылында болған дүрбелең кешеден бері тынышымызды алып, тынысымызды тарылтып отыр. Жан-жақтан түрлі видеолар келіп, жанымызды қуырғандай, қанымызды қоздырғандай әсер етіп болды. Қазақпыз ғой, "қазақтың ақсақалын сабапты" дегенде намысымыз ойнап шыға келгені рас. "Түннің кесірі бар" демей ме қазақ, бұл лап етпе ашу түндегі видеолардың әсері екенін таң ағараң бере байыппен ұғып отырмын. Қазіргі мәліметке сүйенсем, адам шығыны бар екен. Ұлтаралық қақтығысқа да ұқсайды. Біз өзі отыз жылдан бермен аялап келген тәуелсіздігіміздің бір ұстыны да осы қазақ пен өзге диаспоралардың татулығы еді ғой. Демек, бұл біздің жанды жеріміз. Дүнген бола ма, басқа бола ма, олар осы елдің иесі қазақ екенін ұмытпағандары абзал. Ал біз - қазақ, осы Ұлы Даланың мұрагері ретінде айналамызда топтасқан ұсақ ұлттардан шыққан кей тентекті тезге салуда шектен шықпасақ екен деймін. Қызды-қыздымен қиратпайық, күшейген болып күйретіп алмайық деймін. Әсіресе ақпарат таратқанда абай болайық. Осы жерде айта кетейін, "бұлармен қоса басқаларға да көкесін көрсету керек" дегендердің кеу-кеуіне келіспеймін. Біз елміз, мемлекетпіз. Заңымыз бар. Бұл заңға қайшы. Сосын "жаман ұлт болмайды, жаман адам болуы мүмкін" демей ме. Ендеше, нәсілі мұсылман дүнген ұлтының ішіндегі ізгілері де арандап, тасқын ашудың көшкінінде қалмаса екен. Біз қазақ өзі ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз ғой әуелден. Тигенді тыйып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз. Ал басты қасиетіміздің бірі - кез келген жағдайда байыппен саралап барып, сақтықпен іс қылу. Ел бір, Отан жалғыз. Иесі қазақ. Жеріміздің тұтастығы мен қауіпсіздігі әуелі қазақтың қамы.
Осы тұста мемлекеттік күштік құрылымдар да кінәліні тауып, лайықты жазасын береді деп сенемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да мәселені лайықты түрде шешу үшін ситуацияны дереу қолға алды. Комиссия құрылды. Әр сөзіміз бен ісімізге есеп бере қадам басуымыз керек. Әуелі арандап қалмайық, сосын сан соғып отырмайық.
Ал бұл қайғылы жағдай енді қайталанбасын, қазақтың да, басқа ұлттардың да қаны төгілмесін деп Алладан риясыз пейілмен сұраймын.
Тілегім - татулық, батам - бірлік.
Кеңшілік Тышханұлы:
Алғыс бұлай айтылмайды! Немесе бұлар алғыс айтпайды. Бір ел-бір тіл деген пікірді айтушыларды қолдаймын! Аттарын түгел қазақша жаздырып, қазақ мектептерінде оқыту керек! Масаншыдағы мешітте уағыз дұңғанша (қытайша) айтылады. Ешкімнің шамасы келмейді! Үй ішінен үй тігіп алған! Өсті, көбейді. Енді құтырғаны құтырған!
Нуржан
Ассалау мугалейкум! Казакстанда казакты ким коргайды егер Казакстаннын тыныштыгы деп оз казагымызды корлайды бул не зан, казак ултына карсы занба сонда.
Бектас
Мемлекеттің бірлігі бір ұлттықта, бір тілдікте. бір идеяда. Қазақ болғысы келмеген кез-келген ұлт бір жерге орналаспау керек. Олады бүкіл облыстарға бір-екі семьядан тарату керек. Егер қаламаса, мысалы дүнгендер, өздерінің тарихи отандарына, Қытайға депортациялануы керек. Әр ұлттық диаспоралар өз тілін күйттеп, өз идеясын жүргізе берсе Қазақ Елі дені сау ел бола алмайды. Достық, тыныштық деп «сайқалдана» берудің қажеті жоқ. Бұл үлкен проблема. Бұл елімізде тек қазақтар ғана болуы керек деген сөз емес. Барлық ұлттар өмір сүрулері керек. Тек Қазақ Елі, Қазақ жері, Қазақ тілі деген қасиетті ұғымдарды шын жүрегімен сыйлайтын болса ғана. Басқаша болса оларға жол ашық, тарихи отандарына қайтсын.
Артықбай
Олар Біздерді (ҚАЗАҚТАРДЫ) силамайтындығы көрінді. Ұымдасқан топ ақымақтар екендігі белгілі болды. Олар өз жазаларын алуы қажет.
Бакыт
Мен Кайрат Жолдыбай улы мен Кенщилик Тышханулын колдаймын... ия баска улттар казахстанда турып жаткан бир жерин кысып журсин... Шаныракка карасын...Баска мемлекеттеги казахтар ешкашан биреуге тиисип кактыкпай,,,сол елдин занына карай омир сурип жатыр...
Есімбек
Кеңшілік бауырым сіз 100% дұрыс айттыңыз рахмет! Текті қазақ ұрпағы екеніңізге ешкім күмән келтірмесін!
Тоқтасын
Мен бул болған қақтығысты қолдамайтын. Иә дүнгендер кінәлі. Бірақ олардыда сол урысты бастаған, қазақтыда . Бәрин заң алдында бирдей жазалау керек. Конституция заңы букил Казақстан халқына ,казақ елине , және Казахстан азаматтығы бар барлық улт уәкилдерине бирдей. Үлкен кариияни және ол кисиниң балаларын урғаны әрине дурыс емес, бул қылмыс. Сонда дүнген ,орыс . өзбек,уйғыр . Казақпен тусенбеушиликпен урысып ,казақ жигитин урып койса оның улт аралы соғыс болуы тииспа..???!!! Ал егерде казақ жигитери туры осылай уақиға душар болмашы,? Дунгенди немеси уйғырды , орысты , береден урып тепкилеп кетсеши??!!! Онаң ақыры не болмақ.?! Соны ойланыңдар. Биз Казақстан халқымыз , сен дүнген сен уйғыр мен казақ деп улт арып заң болудиң кажетт жоқ . Казақстан да тек кана қазақтың қуқығын корғап басқа улт уакилерин шетке тастаса ,олай болса заң шыгарсын. Казақстан да өзге улт туруға тийым салып окимет коширип тастасын. Кордайдағы дай жағдай кайтанса ,ал ол тағы кайталанады. Бизде Украина сиақты болады. Урыс басталады. Бас улт уакидери кеткен жағдайда . Биз Қазақ өз ара бир биримизбен урыс ашамыз.
Мұрат Бек
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін дереу бұл және басқа диаспораларды араластыра отырып еліміздің Павлодар, Өскемен, Петропавл өңіріне көшіру қажет, сонда ғана ешкім шошаңдай алмайды.
Умму Омар
Түнімен ұйықтамай жұмыс істейтін еңбекқор халық болса да шаңыраққа қарасын. Ішкен қүдығына түкірмесін. Біздің жерге қандай жағдайда келгенін ұмытпасын(барар жер,басар таулары болмай келген қытайлардан зəбір көріп) Біз қазақтар ешқандай ұлтқа,ұлысқа өздігімізден тиіспегеніміз тарихтан белгілі. Ал белдескеннің белін үзетін,егескенді еңірететін де қасиетіміз де жоқ емес. Басқа ұлттарға да сабақ болсын. Негізі қадірін білгендерге пейілі дархан, қонақжай халықпыз ғой
Ғұн баласы
Саны азан аулақ дүнген ұлтын сынамай, Қытайдағы түрмеде жатқан қазақтарға қатысты ауыздарыңды ашып Серіжан Білэшке болыспайсыңдар. Енді патриот бола қалыпсыңдар. Не деген ұят пікір жазғандарың. Дүнген өте енбек қор халық . Таңғы сағат 5 те тұрып түнге дейін поляда жұмыс істейді, саудаға мықты. Жетысу өңіріне орыс патшасы ұйғырмен дүнгенлі енбекқорлығы үшін көшірген. Бұл екі ұлт Жетісыда диқаншылдықты дамытқан, бұған кімнің дауы бар, өзінің маңдай терімен байыды. Дүнгендер мемлекеттік қызщметте сұрамайдды. Өз енбегімен байыған, саудаға шебер ұлттарды қаралау жаман деу модаға айланып барады.
Байырхан
не деген басыну біздің елде тұрып қытай тілінде уағыз жүргізеді деген не сұмдық. Кеңшілік Тышхнұлының ойын пікірін 100 пайыз қолдаймын және бәріміз қолдауымыз керек биліктегілер де солай ойлауы керек