Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Қамалжан Надыров өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Бір емделушінің жағдайы бірқалыпты болған соң, дәрігерлер санитарлық авиациямен Алматыға жеткізуді жоспарлар отыр. Бұған дейін Алматыға 12 адам жеткізілген болатын.
Жалпы жанжалда жарақат алған 43 азамат қазір стационарлық емдеуде. Оның 13-і Қордай ауданында, 25-і Алматыда, және біреуі Тараздағы дәрігерлердің бақылауында.
Төрт адам Қырғызстанмен арадағы шекаралық клиникада қаралып жатыр. Олардың дені таяу арада ауруханадан шығуға дайын.
Жалпы бұл күндері 170-тен астам адамға медициналық жәрдем көрсетілген.
Пікір қалдыру