Қазақстанда саяси партия құру және тіркеу жеңілдетіледі. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.
ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабековтың айтуынша, мұндай оң шешімді қабылдануына президенттің тапсырмасы себеп болған.
– Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету мәселесін «Саяси партиялар туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Бұл ретте, саяси партияларды құру үшін қазіргі тіркеу кедергілері 10 жылдан астам уақыт сақталып отыр және Президент атап өткендей, ол өткен кезеңнің талаптарына сәйкес келеді, – деді Олжас Данабеков
Сонымен бірге, департамент басшысы президент ұсынып отырған бастамасының мақсаты туралы да атап өтті.
– Бұл жағдай мемлекеттің саяси және әкімшілік құрылымы бойынша, сондай-ақ халық саны бойынша ерекшеленеді. Осыған байланысты Президенттің ұсынып отырған бастамасының мақсаты – көппартиялық процесті қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне белсене қатысуын қамтамасыз ету, – деді ол.
Пікір қалдыру