Қытайдан тағы 217 Қазақстан азаматы эвакуацияланады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
– Бүгінге дейін Қытайдан 217 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың ішінде коронавирус жұқтырғандар анықталмаған деді, – денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
12 ақпанда тағы бір рейс жіберіп, елге 145 адамды эвакуациялау жоспарлануда. Студенттер және қызметтегі 343 адам Қытайда қалуға ниет білдірген.
Осыдан бірнеше күн бұрын 10 және 12 ақпанда Пекинге Эйр-Астана әуекомпаниясының 2 әуе кемесі ұшатыны мәлім болған. Қытай мемлекетінің өтініші бойынша еліміздегі 47 Қытай азаматы осы рейс арқылы өз отандарына қайтарылады.
Пікір қалдыру