"Өз еркіммен отставкаға кетуге өтініш жаздым"

/image/2020/02/11/crop-36_13_741x987_asqar-myrzakhmetov.jpg

Жамбыл облысының экс-әкімі Асқар Мырзахметов өңірді дамыту жолында бірігіп жұмыс жасаған барлық әріптестеріне алғыс айтып, алдаы бастамаларына сенім білдірді. Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Жасұлан Әбдіхалық фейсбук-парақшасында жариялады.  

"Өкінішке орай Қордай ауданында қайғылы жағдай орын алды, 10 азамат қаза болып, 170-тен астам адам жарақаттанды. Бұл тек жамбылдықтарға ғана емес, барша қазақстандыққа оңай тимеді. Осы тұрғыда мен облыс әкімі ретінде жұмысты жалғастыру моральдік тұрғыда ауыр деп есептедім. Сондықтан президентке өз еркіммен отставкаға кету туралы өтініш жаздым. Шешімімді қабылдаған Мемлекет басшысына рахмет", – деді Мырзахметов. 

Жамбыл облысының қазіргі әкімі Бердібек Сапарбаев өзіне сенім артқан Елбасы мен Мемлекет басшысына алғысын білдірді, Асқар Исабекұлының іскерлігіне тоқталып, өңірде қолға алынған іргелі істер мен жарқын жобалар жалғаса беретінін айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар