Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ресми атауын жариялады

/image/2020/02/12/crop-24_3_182x243_86300940_1291803294343773_732421846728704000_n.jpg

Қытайда пайда болған коронавирустың жаңа инфекциясы ресми түрде "COVID-19" деп аталды. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хабарлады. 

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусынан туындаған ауруды ресми түрде “COVID-19” деп атады. Бұл соңғы бірнеше аптада пайда болған осы ауруға берілетін әртүрлі атаулар мен хэштегтерді алмастырады. Жақында, 8 ақпанда Қытай ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы ауруды уақытша коронавирустық пневмония немесе "NCP" деп атауға шешім қабылдады. Бірақ вирустар жануарлардан адамдарға таралғандықтан, бұл коронавирустың таралу мерзімі ұзаққа созылмайды, – деді биомедицина ғылыми зерттеу орталығының директоры Әлібек Ыдырысұлы.

Швейцариядағы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғалымы Сумя Сваминатанның айтуынша, "COVID-19" (coronavirus disease in 2019) "2019 жылғы коронавирус ауруы" дегенді білдіреді. Сонымен қатар көптеген коронавирустар бар және атаудың бұл стилі болашақта жаңа коронавирустық ауруларды анықтауға мүмкіндік береді. Вирустың өзін вирусологияның таксономиямен айналысатын халықаралық тобы атайды. 

Коронавирустардан пайда болған басқа екі ауруға бұған дейін клиникалық көріністерді сипаттайтын атаулар берілген: "SARS" (ауыр жедел респираторлық синдром) және "MERS" (Таяу Шығыс респираторлық синдромы).

Денсаулық сақтау ұйымы аурулардың ресми атауын жариялағаннан кейін көп ұзамай халықаралық вирустардың таксономиясы комитеті оны тудырған вирусты "SARS-CoV-2" деп атауды ұсынды. Зерттеу бойынша бұл термин 2003 жылы анықталған "SARS" вирусымен жаңа вирустың ұқсастығын білдіреді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар