Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесіне ие болды. Бұл туралы "BIRGEMIZ" волонетерлар республикалық фронт кеңсесінің ресми ашылуында мәлімделді.
– Волонтерлік – бұл жанның күйі. Волонтерлер – ерік білдірушілер, ықтиярлық танытушылар. Бүгін мен Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болуға келістім. Онсыз да төтенше және өкілетті елші деген дипломатиялық дәрежем бар, бірақ волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі деген мәртебе одан да маңыздырақ деп санаймын, бұл мен үшін үлкен құрмет, сондықтан біз бәріміз бірге жұмыс істейміз. Бәріміз бірге боламыз, – деді Тоқаев.
Фронт кеңсе – кеңес беру, әдістемелік, оқыту қызметтерін атқарады. Ақпараттық орталық та осында орналасқан. Оның функциялары бүкіл республика бойынша волонтерлер жобаларын үйлестіру және қоғамдық бақылауды қамтиды. Фронт кеңсенің ашылуында "QAZVOLUNTEER.KZ" онлайн-платформасының және волонтерлердің 7 салалық алаңдарының жұмысы ұсынылды:
- "Bilim";
- "Qamqor";
- "Úmit";
- "Sabaqtastyq";
- "Taza Álem";
- "Saúlyq".
"BIRGEMIZ" волонтерлерінің республикалық фронт кеңсесі ЭКСПО аумағындағы "Art Hub" павильонында орналасқан.
Пікір қалдыру