Өзбекстандық студенттердің Қазақстаннан жаппай кетуіне не себеп?

/image/2020/02/13/crop-169_5_706x942_ozbek.jpg

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өзбекстандық студенттердің Қазақстаннан жаппай кетуінің себептерін атады, деп хабарлады zakon.kz.

Бұған дейін шетелдік БАҚ өкілдері Өзбекстанның Орта Азия университеттеріндегі  студенттерін үйлеріне қайтарып жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Сыртқы істер министрі Айбек Смадияровтың айтуынша, жағдай білім беру жүйесіндегі реформаға байланысты. 

– Бізге Өзбекстан мемлекетінен ресми үндеу келіп түсті. Өзбекстандық студенттерге жасалған шақырту, көрші мемлекеттегі білім беру реформасының өзгертілуіне байланысты. Қазір Өзбекстан үкіметі көршілес мемлекеттерде оның ішінде, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстанда оқып жатқан студенттердің отанына оралуы үшін барлық жағдайды жасауда. Шетелге кеткен студенттерді қайтару үшін квота мен гранттар саны артқан, – деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар