АҚШ мемлекеттік хатшысы: Қазақстан коронавирус сияқты қауіпті індетке қарсы тұра алмайды

/image/2020/02/14/crop--1_13_151x201_pompeo.jpg

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Құрама Штаттары коронавируспен күресу үшін 100 миллион доллар көлемінде қаржы бөлуге ниетті екенін айтты, деп жазады РИА Новости.

АҚШ Қытайды ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Өзбекстан сияқты басқа елдерді де қаржыландыруға әзір.

Помпеоның айтуынша, коронавирусқа қарсы тұру үшін Қытай мен көрші елдер қауқарсыз. Қазақстан мен Өзбекстанның инфрақұрылымы мұндай инфекцияға қарсы тұруға дайын емес.

– Жақын арада ғана Қытаймен шекаралас мемлекеттерде болдым. Олар коронавирус сияқты ауқымды қауіпті жеңе алмайды, – деді Помпео  журналистрге берген сұхбатында.

Бұған дейін Помпео Қазақстанға сапары кезінде коронавирустың елге енуіне жол бермеу үшін жасалынған шараларға таң қалғанын айтқан еді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар