Алматыдағы алып тиін Атакент аумағына көшірілмек. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алтай Рахымбетовтың айтуынша, басқа жерге ауыстыру жұмыстары наурыз айында басталады.
– Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды, – деді аудан әкімі.
Алып тиіннің қайда көшірілетіні әзірге айтылмады.
Пікір қалдыру