Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу қаншалықты мүмкін, және оған үкіметтің қауқары жетеме деген сұраққа елордада өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді.
– Қазақстан үкіметі үшін негізгі мақсат – инфекцияның кірмеуі және таралмауы болып отыр. Сондықтан, негізгі қаражат халық пен медициналық қызметкерлерді, шекарашыларды қорғауға бағытталған. Одан бөлек, коронавирус күдігі бар пациенттердің барлығын жеткілікті түрде тексеріп, дәрілік заттар қорын жасау үшін диагностикалық технологияларға мән берілген, – деді Біртанов.
Білім және ғылым министрлігі мен министрге бағынышты ғылыми орталықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге дайын екендерін хабарлаған.
Оның айтуынша, елде вакцина жасау бойынша жақсы тәжірибе бар. Алайда, мұның қиын технологиялық процесс екенін де түсіну қажет және барлық халықаралық ғылыми орталықтармен үйлестіру жұмыстарын жүргізу керек. Қазір вакцина жасау бойынша өзге елдердің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деді ол.
Сондай-ақ ол егер де вакинаны шықса, халыққа қолжетімді бағада болуы керектігін мәлім етті.
Пікір қалдыру