Алматы экономикалық тергеу басқармасында басшылық өзгерді

/image/2020/02/14/crop-111_7_436x581_photo_308564.jpeg

Алматы қаласы экономикалық тергеулер департаментінің басшылығына Әли Алтынбаев тағайындалды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. 

– Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов экономикалық тергеулер департаментінің басшысы қызметіне Алтынбаев Әли Сапарғалиұлын тағайындады. Ал, қаржы мониторингі комитеті төрағасының бұйрығы бойынша Алматы қаласы ҚБД басшысының орынбасары болып Бахтияр Жузенов тағайындалды, – делінген хабарламада.

Әли Алтынбаев еңбек жолын 2001 жылы салық қызметінен бастады. Сонымен қатар ол инспектор, бөлім бастығы, менеджмент қызметтерін атқарған. 2019 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар