1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5 пайызы –қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5 пайызы ауылдарда тұрады. Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5 пайызын – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін немесе 51,5 пайызын әйелдер құрайды.
2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан пайызын Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.
Биыл 1-30 қазан аралығында Қазақстанда ұлттық санақ жүргізіледі.
Қазан айының 1 мен 15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі. Интернет-сауалнамада респонденттер өзіне және отбасы мүшелеріне Интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz арнайы сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырады. Сонымен бірге сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші де бар.
Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер жаппай сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Интернет арқылы мәліметтер берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды. Халыққа сауалнама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін сұралатын адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалнама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі.
2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағына дайындық және өткізу үшін Комитетке 8 211 млн теңге сомасында қаржы қарастырылған.
Пікір қалдыру