Қытайдағы wechat және Қазақстандағы whatsapp мессенджерлерінде тараған ақпараттарға сүйенсек, Қытайда тұратын этностық қазақтардың үйлерінің есігіне "тыйым салынады" деген белгі жапсырылып, олардың ешқайда шығуына рұқсат берілмей отыр.
Қазірге келіп жеткен мәліметтер бойынша, қатаң режиімдегі бұл карантин мерзімі 15 күнге созылатыны айтылуда.
Осы аралықта тіпті сырттан азық-түлік әкелуге, туыс-туған, көрші-қолаңның үйіне кіруге де қатаң тыйым салынған. Көшеде арнайы бақылау және ақпараттандыру жұмыс тобы жүретіндіктен бәрі үйінен тысқа шыға алмай отыр дейді ондағы жұрт.
Белгілі болғандай, осыған дейін аймақ-аудан аралық жолдар жабылған. Сонымен бірге, тұрғындардың сыртқа шығуына тек тәңертең-кеш бір сағаттан ғана уақыт беріліп келген.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмғандар саны 1770 адамға жетті
Пікір қалдыру