"Жеңіл жолмен пайда табамын деп опық жеп қалмаңыздар"

/image/2020/02/17/crop-233_17_678x903_5e4a74a9af266884253858.jpg

Белгілі, сарапшы "Альтернатива" өзекті зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботарев мессенджер арқылы тараған жаңа ойын туралы халыққа ескерту жасады. 

Ойын «Қара касса» деп аталады. Қатысу құны 14 300 теңге. Ойынның шарты бойынша соңыңнан 2 адам кіргізіп, адам санын көбейту қажет. Саны көп болған сайын, қатысушылар пирамида бойынша көтеріліп, соңында 114 мың теңге ала алады. Осы тұста сарапшы халықты жалған жарнамаға алданбауға, жеңіл жолмен пайда табамын деп опық жеп қалмауға шақырды. 

Сарапшы Андрей Чеботаревтың хабарлауынша, бұл ойын қаржылық пирамида деп аталады.

– Бұл қарапайым "Понци" схемасы. Ол расымен ең басында кірген инвесторларға табыс әкеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл "МММ", "Кэшбери" сияқты қаржылық пирамида. Бұл бастапқы кезеңде қатысқандар үшін ғана табыс әкеледі. Ойынға жаңадан қосылушылар азайғанда, табыс та болмайды, – деп  жазды телеграм каналында.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар