Уханьнан эвакуацияланған студенттер Нұр-Сұлтандағы карантиннен кейін алған әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша қазіргі таңда қала ішінде адам қорқатындай вирустың белгілері жоқ.
– Бізге Уханьның жабылуы туралы ақпарат 22 қаңтарда келді. Өздеріңіз білетіндей, бұл уақытта Қытайда жаңа жыл болатын. Біз онда бірнеше жыл тұрғандықтан, мерекеге дейін азық-түлікті алдын-ала сатып алатынбыз. Өйткені, дүкендер жарты күн жұмыс істеп, содан кейін мерекелерге байланысты жабылады. Кейіннен қаланы жабу туралы хабарлама келгенін естідік. Бәрі келісіліп, жоспарлы түрде жасалғандықтан, ешкімде толқу болмады. Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттардың кім және қандай мақсатпен жасалынып отырғанын білмейміз. Бірақ, қалада соңғы нан үшін ешқандай төбелестің болмағаны рас, – деп түсіндірді қытайлық студент Гүлбақыт Болатбекқызы.
Оның айтуынша, университеттің аумағы үлкен. Яғни студенттерге барлық жағдай жасалған.
– Демалу, көңіл көтеру орындары, мысалы театр немесе кино т.б. Сондықтан, карантин жарияланғаннан кейін кампусты ешкім тастамады және коронавирустың айқын белгілері бар азаматтар кездеспеді. Егер де шекараны ашып, жағдай реттеліп жатса, кері Қытайға оралып, алдағы жоспарларымды орындаймын. Естуімше, кейбір студенттердің ата-аналары оқуды Қазақстанға ауыстырып, осында жалғастыратынын атап өтті.
Ауруханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсам онда бізді күніне 4 рет тамақтандырып, дәрігерлерде жиі келіп тексеріп, бізбен үнемі байланыста болып, қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жағдай жіті бақылауда болғандықтан 4 күн сайын төсек-орын, пижамаларымызды ауыстырып тұрды. Әрине, мұның барлығы алдын-ала ұйымдастырылып, келісілген болатын. Бізге барлық қажеттілігімізді қамтамасыз еткен ҚХР-ның қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз, – деді Гүлбақыт Болатбекқызы.
Уханьнан эвакуацияланған студент Дәурен Уришанов Қытайдағы індетке байланысты пікір білдірді.
– Интернетте жіберілген бейнежазбалар ескі және олар қаладағы мәселеге мүлдем байланысты емес. Бізге алдын-ала ескерту айтылды. Яғни, арнайы дәрігердің нұсқауларын орындап, маска кию сынды. Сондықтан ешқандай қорқыныш болмады. Қала сыртына шығуға рұқсат бермеді, сол үшін халықтың көпшілігі үйде отырып, жақын маңдағы дүкендерден азық-түлік сатып алып отырды, – деді ол.
Пікір қалдыру