Петропавлда Смирново ауылының полиция қызметкері суицид жасады. Бұл туралы pkzsk.info сайты хабарлады.
Басылымның мәліметінше, оқиға 15 ақпанда болған. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы 29 жастағы Асқар Назыров өз-өзіне қол жұмсау үшін облыс орталығынан пәтер жалдаған.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейлердің қаза болу фактісін растады.
"15 ақпанда облыс орталығының жалдамалы пәтерінде аудан орталығының 1991 жылы туған тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аққайың АПБ қызметкерінің өзіне-өзі қол жұмсауы фактісі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру тағайындаған. Тергеу жұмыстары СҚО ЖП бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың жеке бақылауында", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсаған полицейдің әріптесі zhalobakz.com сайтына анонимді түрде "Асқар Назыров пен басшылықтың арасында келеңсіздіктер болғанын" жазған.
Асқар Назыров бүгін Смирново қаласының Аққайың ауданының орталығында жерленді.
Пікір қалдыру