ШҚО әкімі Даниал Ахметов цифрлы технологияларды пайдалану есебінде жүргізілетін мемлекеттік басқаруды арттырудың маңызын айтты.
Өңір басшысы былтыр бірыңғай мекемеаралық жағдаят орталығы іске қосылғанын атады. Оның басты ұтымды тұсы – ақпараттық жүйелердің өзара әрекетіне кешенді тоқталатынында. Орталық жол қозғалысы қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, төтенше және коммуналды қызметтің жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Оның құрылымына жағдаяттық және инвестициялық орталықтар, «Сергек» фото-видео жүйесі қосылған жедел ақпарат орталығы, «109» қызметінің «Қоғамдық тәртіп» бейнебақылау жүйесі, 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі кіреді. Орталықтар арқасында 3 мыңнан аса көрсеткіштер жиналып, 20 жүйе аралық интеграция ұйымдастырылды.
Мұнымен қоса, қоғамдық қабылдау базасында азаматтардың сауалнамасын қабылдау бойынша бірыңғай қызметтер платформасы жұмыс істейді. SMS-хабарландыру арқылы бағалау жүйесі енгізілген.
Азаматтардың ыңғайы үшін Өскемен мен Семей қалаларындағы инженерлік-байланыс инфрақұрылымы көрсетілген бос жерлердің электронды картасы дайындалды. Риддер мен Шемонаиха, Зайсан, Аягөз, Алтай және Серебрянск сынды шағын қалалардың карталары ресмиленді.
Пікір қалдыру