ШҚО-да биыл 397 шақырым жол жөнделеді

/image/2020/02/19/crop-66_16_826x1101_whatsapp-image-2020-02-19-at-18.18.24.jpeg

Өңір тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов жол-көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту жөнінде айтты.

Аймақ басшысы автокөлік жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 64,4 млрд. теңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде сапасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін жеткен.

Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту ең әуелі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және оларға жайлы жағдай туғызудың басты шарттары екенін атап өтті.

Биыл аталған салаға 102,8 млрд теңге инвестиция салынады, оның 82,3 млрд теңгесі республикалық маңыздағы жолдарға («Талдықорған – Қалбатау – Өскемен және Қалбатай – Майқапшағай»), 20,5 млрд. теңгесі облыстық, аудандық маңыздағы және елді мекендердің ішіндегі көше жолдарына бөлініп отыр.

Облыс бойынша 397 шақырым автокөлік жолы мен 83 шақырым көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар Семей – Қайнар, Өскемен – Алтай – Рахман қайнары, Аягөз – Тарбағатай – Боғас көлік жолдарына жөндеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта 10,3 млрд. теңгеге Өскемен қаласының әуежайын, 4,7 млрд. теңгеге Үржар ауылының әуежайын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.

Бұған қоса ағымдағы жылы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпірдің құрылысына қатысты мәселе шешім3н таппақ.

а

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар