"Қытай билігі, інімді босатыңдар!"

/image/2020/02/20/crop-140_10_557x742_baybolat.jpg

Нұр-сұлтандағы Қытай елшілігінің алдында жалғыз адамдық пикет ұйымдастырған Алматы тұрғыны Байболат Күнболатұлы Қытай билігінен інісін босатуды талап етті. Бұл туралы azattyq.org хабарлады. 

Байболаттың айтуынша, 1990 жылғы інісі Құлжа ауданына қарасты Қарағаш ауылында ұсталып, "қайта саяси тәрбиелеу лагеріне" қамалған. Содан кейін белгісіз бір себептермен 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Байболат қазір Қытай билігінен 702 тәулік бойы саяси лагерьде қамауда отырған інісін шығаруды талап етуде. Інісінің не өлі, не тірі екенінен хабары жоқ Байболат  "інімді қамаудан шығармайынша, пикет өткізуімді жалғастыра беремін" деді.  

Жалғыз адамдық пикетті алты полиция қызметкері бақылып тұрған. Оның біреуі Байболатты видеоға түсірген. 

Елшілік ішінен бір адам шығып, онымен сөйлескен. Байболаттың хатын қабылдаған елші, үш күн ішінде жауап қайтаратынын жеткізген. 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар