Мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкерлері жауапқа тартылады

/image/2020/02/20/crop-52_7_646x861_webinfo.kz-30.09.2017-slioevsouaf4iguu0uviesneg2c9p4br.jpg

2020 жылдың 20 ақпанына дейінгі мәліметке сәйкес, 18 полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық қатаң жауапқа тартылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі департаментінің басшысы Арман Саданов айтты.

– Биыл мас күйінде көлік рөлінде отырған 18 полицей анықталды. Бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, олардың әрқайсысы 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айрылып, 15 тәулікке қамалады. Соңында жұмыстан шығарылады, – деді Арман Саданов ІІМ-де өткен брифингте.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар