Әлеуметтік желіде Алмахан Мұқаметқалиқызы есімді қолданушы қардан жасалған киіз үйдің видеосын жариялады. Ролик Қытайдың Алтай аймағы Буыршын ауданы Шұңқыр ауылында түсірілген.
Шұңқыр ауылы – Қытайдағы Шыңжаң автономиясына кіретін елді мекен. Автор киіз үйлердің қырау мерекесіне арнап жасалғанын айтады. Кадрдан бір-біріне жақындау орналасқан екі киіз үйді көруге болады. Біреуінің алдында қардан тышқанның бейнесі салынған. Автор мұны тышқан жылына арнап жасапты.
– Керемет, жақсы жасалыпты. Қардай қалай жасап шыққансың әй, досым-ай. Қардан жасалған қазақ үйдің ішінде алма жеп отырған күндер-ай болды бұл. Бұл күнді ұмытпаймыз, – дейді киіз үйдің ішінде отырған қонақтар таңданысын жасыра алмай.
Киіз үйді жасауға бір айға жуық уақыт кеткен.
Пікір қалдыру