Жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор (https://zp.fvr.kz/) іске қосылғалы, бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын анықтаған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық кеңесінде айтты. Жиналыс ведомстванын Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирден көрсетілді.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомства басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
– Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер орын алуда? Минитрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз, – деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Пікір қалдыру