Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс активімен өткен жиында өзінің жаңа орынбасары мен аппарат жетекшісін таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы әкімінің орынбасары болып Серік Тұрдалиев, аппарат жетекшісі болып Төлеген Сәрсембаев тағайындалды.
– Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Серік Тұрдалиев тағайындалды. Ол біздің облыста бұған дейін де жұмыс істеген. Сол кезде де өзінің іскерлігін көрсетіп, кәсіпкерлік саласында бірқатар жобалардың сәтті жүзеге асырылуына ықпал етті. Облыс әкімі аппаратының басшысы етіп Төлеген Сәрсембаевты тағайындадым. Ол да - тәжірибесі мол, іскер азамат. Екеуінің де жаңа қызметтері жемісті болсын, Жетісу жерінің игілігіне қызмет ете берулеріне тілектеспін, – деді Амандық Баталов.
Серік Тұрдалиев 2012-2017 жылдары облыс әкімі қызметін атқарған. Оған дейін "Қазақмыс" корпорациясында жұмыс істеп, "Халық банкі" АҚ-ның атқарушы директоры болған.
Ал Төлеген Сәрсембаев бұған дейін Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жетекшілік еткен.
Пікір қалдыру