Лукашенко Назарбаевқа алғыс айтты

/image/2020/03/02/crop-165_7_341x454_121817644400.jpg

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ҚХА құрылғанының 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Беларусь Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

"Сіздің бастамаңызбен құрылған ол бірегей және теңдесі жоқ жолдан өтті, қоғамның әлеуетін мемлекеттің дамуы мүдделерінде шоғырландырды және этносаралық қатынастардың беделді институтына айналды. Қазақстан жерінде тұратын көптеген этностардың мәдениеттерін, тілдерін және дәстүрлерін сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу елде келісімді орнатуға, Еуразия аймағында тұрақтылықты қамтамасыз етуге тиімді қызмет етеді", - делінген құттықтау жеделхатында. 

Беларусь президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжай Қазақстандағы белорусьтықтарды қолдағаны үшін алғысын білдірді және оған мықты денсаулық, барлық бастамаларда табыс, барлық қазақстандыққа бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар