Коронавирустың таралғаны үшін халықтан кешірім сұрады (видео)

/image/2020/03/02/crop-38_3_412x550_afp-south-korea-lee-man-hee-000_1pi4x4-20200302_f45abab1d3d2481bbd5a353810c705fe

Оңтүстік Кореядағы Синчонжи діни сектасының жетекшісі Синченджи Ли Ман Хи көпшілік алдында тізе бүгіп, коронавирустың таралғаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы rappler.com хабарлады. 

Оңтүстік Корея билігінің пікірінше, бұл елдің орталығындағы коронавирустың негізгі тасымалдаушылары Синчонжи сектасын ұстанушылар. 10 ақпанда шіркеудің 61 жастағы қызметкері коронавирустан зардап шеккен. Бұдан бұрын ол 4 шіркеу қызметінде болған.

Осылайша, Оңтүстік Кореядағы ауқымы бойынша 4-ші орындағы, 2,5 млн тұрғыны бар Тэгу қаласындағы Синчходжи діни сектасы эпидемия ошағына айналып отыр. Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша тіркелген COVID-19 вирусының 4000-ға жуығы осы сектамен байланыстырылып отыр.

– Мен шіркеудің барлық мүшелері атынан адамдардан кешірім сұраймын. Бұл байқаусызда орын алды. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ эпидемияны тоқтата алмадық. Мен адамдар мен үкіметтен кешірім сұраймын, – деді 88 жастағы сектаның жетекшісі Ли Ман Хи. 

Сеул қалалық үкіметінің прокурорлары Ли Ман Хиге және басқа да 11 сектаның жетекшілерін жауапқа тартылуын сұрады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, сектадағы науқастар медициналық мекемелердегі қызметтен бас тартқан, олардың туыстары мен достары дәрігерлерді үйге кіргізбеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар