Тоқаев: Қазақстан Қытай басшылығының іс-әрекетіне жан-жақты қолдау білдіреді

/image/2020/03/03/crop-2_70_449x798_photo_310671.jpeg

Наурыздың 3-і күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Қытай Компартиясы саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Ақорданың жазуынша, Ян Цзечи Тоқаевқа Қытай басшылығының коронавируспен күреске қарсы шаралары туралы баяндады. Ал Тоқаев Қытайдың коронавируспен күресте атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, Қазақстан коронавируспен бірлесіп күресуге ниетті екенін айтты.

– Осындай қиын сәтте Қазақстан Қытай басшылығының нақты әрі табанды іс-әрекеттеріне жан-жақты қолдау білдіреді. Төраға Си Цзиньпиннің өзі айтқандай, бұл қытай халқының соңғы жылдары бастан кешіп отырған ең қиын кезеңі. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде кездесетін осындай ауыртпалықтармен бірлесіп күресеміз деп ойлаймын. Екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту және нығайту жолында алға қадам баса береміз, – деді президент.

Ақорданың хабарламасына қарғанда, кездесу барысында қазақ-қытай байланыстарын нығайтудың перспективалары, сондай-ақ, екі елдің халықаралық аренадағы ықпалдастығы талқыланды.

– ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіз. Сіз былтыр қыркүйек айында Қытайға алғаш рет мемлекеттік сапармен бардыңыз. Сол кезде ҚХР Төрағасымен бірлесіп жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту туралы мәлімдеме жасап, қытай-қазақ қатынастарына тың серпін бердіңіздер, – деді Ян Цзечи. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар