Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз маслихатында хабарлады.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қысықова әлеуметтік желідегі "астанада коронавирус жұқтырған адам бар" деген қауесетті жоққа шығарды.
"Қазақстанда, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар жоқ", - деді Сәуле Қысықова баспасөз мәслихатында.
Пікір қалдыру