«Nur Otan» партиясы ел ішіндегі қордаланған мәселелермен танысып, оларды шешу үшін шалғай елдімекендерді аралап, әр мәселеге жеке-жеке көңіл бөлуде. Сондай кезекті мәселенің шешілу барысы туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің facebook-тағы парақшасында хабарлады.
"Елбасының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» партиясы халықты толғандыратын түйінді мәселелерді және олардың шешу жолдарын бірге талқылау үшін еліміздің шалғайдағы ауылдары мен елдімекендерінің тұрғындарымен кездесуде.
⠀
Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарымыздың барысында Жетісай ауданына қарасты Абай ауылының тұрғындары 2600-ден астам шаруа қожалығы пайдаланатын К-30 суару каналын қайта қалпына келтіру жұмыстарының ұзаққа созылғаны туралы мәселені көтерген болатын.
⠀
Уәде еткенімдей, осы сапардан кейін партия мүшелері – ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрлерімен арнайы жиын өткіздім. Жақын арада уәкілетті мемлекеттік органдар партиялық бақылауға алынған мәселелерді шешудің жеке жол картасын енгізеді. Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сол жерде жағдаймен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз" делінген Бауыржан Қыдырғалиұлының жазбасында.
Пікір қалдыру