Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың 76 пайызы емделіп шықты. Қазіргі уақытта ауруханаларда шамамен 16 мың пациент жатыр. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті мәлімдеді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустық инфекцияның расталған жағдайларының саны 80,778-ге жетті, олардың 61 475-і емделіп, ауруханалардан шығарылды, бұл жалпы жағдайлардың 76,1 пайызын құрайды. Қазір ауруханаларда емделуші науқастар саны 16 145, олардың 4 492 ауыр халде.
Эпидемия басталғаннан бері Хубэй провинциясын қоспағанда, бүкіл Қытай бойынша 13000 жұқтыру оқиғасы тіркелді, олардың 112-сі қайтыс болды, Инфекциядан құрбан болғандар 0,86 пайызды құрайды. Хубэй провинциясының өзінде 67,773 жұқтыру оқиғасы анықталды, 2959 адам қайтыс болды, құрбан болғандар 4,49 пайызды құрады. Сонымен қатар, Уханьда індеттен көз жұмғандар 4,85 пайызды құрайды.
Жалпы, індет 3158 адамның өмірін қиды, елде өлімнің орташа деңгейі 3,9 пайыз.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайдағы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, соңғы 24 сағат ішінде бүкіл елде тек 24 жаңа инфекция оқиғасы анықталды, олардың 10-ы басқа елдерден болса, 13-і Хубэй провинциясында тіркелді.
Пікір қалдыру