Токиода алдағы жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді. Бұл туралы Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиға сілтеме жасап бірнеше халықаралық БАҚ хабарлады.
"Олимпиаданы көрерменсіз өткізу немесе толығымен тоқтату ауыр қаржылық шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан Олимпиада ойындары тоқтатылады деп ойламаймын. Тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді" деді Такахаши.
Төрт жылда бір рет өткізілетін жазғы Олимпиада ойындары биыл Жапония астанасы Токиода шілденің 24-і мен 9 тамыз аралығына жоспарланған. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтуге тиіс.
Қытайда тарап әлеменің 100-ден астам елінде анықталған коронавирусқа байланысты жазғы Олимпида ойындары өтпеу қалуу мүкін деген болжамдар соңғы кездері жиі айтылып жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, әлемде 100 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 4000 астам адам өлген.
Пікір қалдыру