Кеше Алматы уақытымен түнгі сағат 22: 13-те жер сілкінді. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтемей жасай отырып хабаралайды «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық бекеттерінің желісі жер сілкінісін тіркеген екен. Сілкіністің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 117 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,7, магнитудасы - 3,8. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер асты дүмпуі қала тұрғындарына сезілмеген.
«Қамшы» сілтейді