Тағы бір әкімнің орынбасары пара құрығына ілінді. Бұл жолы Қостанай қаласы әкімінің орныбасары 13 млн. пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 1 тамыз күні Қостанай әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиевті «Сыл» ЖШС директоры Гагик Овнаняннан 13 млн. теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстаған.
Қазіргі таңда ұсталған шенеуніктердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Мақсұт Қалиев әуежай аймағында авто-ХҚО салуды «Сыл» ЖШС-нің пайдасына шешпек болған.