Коронавирус жұқтырғандардың саны өскен жоқ, стационарлық карантинде 1 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.
– Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген: Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр, – делінген хабарламада.
Барлық санат бойынша мониторингке 2 мың 507 адам алынды, оның ішінде 1 "а" санаты бойынша – 1 мың 619, 1 "б" санаты бойынша – 520, 2 санат бойынша – 368 адам. Мониторингке алынған 2 мың 507 адамның 424-cіне бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 083 адамға бақылау жүргізілуде.
– Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 "б" санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады, – деп хабарлады министрлік.
Қазіргі таңда эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру