Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы туралы айтты.
– Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, Германиядан келген 3 пациент бар. Төртіншісі Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазіргі уақытта 4 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуінің жағдайының ауырлығы орташа. Олардың бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Дер кезінде вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия басталды, – деді Әбілдаев баспасөз мәслихатында.
Пікір қалдыру