Өзбекстанда COVID-19 коронавирусын жұқтырған тағы екі адам анықталды. Осылайша, елде вирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті.
Жексенбіде Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан коронавирус табылғанын хабарлады. Кейіннен Денсаулық сақтау министрлігі тағы екі жағдайдың расталғанын мәлімдеді. Вирус жұқтырғандар ер мен және әйел адамдар.
– COVID-19 вирусы Парижден келген алғашқы пациенттің жұбайы мен немересінен табылды, – деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Бұған дейін Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық агенттігінің өкілі коронавирусқа байланысты 150 адам карантинге алынғанын айтқан болатын.
Пікір қалдыру