Коронавирус жұқтырған 12 жасар қыздың жағдайы анықталды

/image/2020/03/16/crop-70_4_436x581_photo_64812.jpeg

Вирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық штабы коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берді.

– Алматыға Германиядан ата-анасымен келген 2008 жылғы қыз әуе кемесінің бортынан бірден балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Айта кету керек, экипажды қоса алғанда, 12 адамнан тұратын борт әуежайда оқшауланды, олардан сынама алынды, – делінген хабарламада.

Штабтың хабарлауынша, 16 наурызда Алматыда коронавирустық инфекцияның расталған 7 жағдайы тіркелген. 6 науқас ересектердің жұқпалы аурулар емханасында емделуде.

Алматы әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе үй карантинінде жүргендерді өз денсаулығына және басқалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жауапкершілікке және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауға шақырады.

16 наурыздағы дерек бойынша Алматыда 676 адам карантинде жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар